Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Салық кодексі мен өзге де заңнамалық актілерге сәйкес салықтық тіркеу талаптарының сақталуына бақылау жүргізілетінін хабарлады.
Заңнамада келесі міндеттемелер көзделген:
-
жеке кәсіпкер (ЖК) ретінде тіркелу;
-
жеке практикамен айналысатын тұлғаларды тіркеу (адвокаттар, нотариустар, медиаторлар);
-
қосылған құн салығы (ҚҚС) бойынша міндетті тіркеуге тұру;
-
жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыру кезінде тіркелу.
Аталған талаптарды сақтамау белгілері бар тұлғаларға қатысты мониторинг жүргізіледі. Бұзушылықтар анықталған жағдайда тіркеуге тұру қажеттігі туралы хабарлама жолданады. Оны орындау мерзімі – табыс етілген күннен бастап 30 жұмыс күні. Хабарлама орындалмаған жағдайда банктік шоттар бойынша шығыс операциялары тоқтатылады.
Салық төлеуші келіспеген жағдайда растайтын құжаттарды қоса отырып, жазбаша түсініктеме беруге құқылы. Егер ұсынылған дәлелдер негізсіз деп танылса, 20 жұмыс күні ішінде хабарламаны орындалмаған деп тану және тақырыптық салықтық тексеру тағайындау туралы шешім қабылданады.
Сонымен қатар, «Салық төлеушінің кабинеті» арқылы ҚҚС бойынша міндетті тіркеу шегіне жақындау туралы алдын ала хабарламалар жіберіледі.
Бұдан бөлек, «таза парақтан» салықтық әкімшілендіру саясаты аясында 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап микро және шағын бизнес субъектілері көрсетілген күнге дейін ҚҚС бойынша тіркелмеген кезеңдегі айналымдар үшін әкімшілік айыппұлдардан босатылады.
+7 (707) 350 02 20