Мемлекеттік кірістер комитеті 2026 жылғы 26 ақпаннан бастап Интеграцияланған салықтық әкімшілендіру жүйесінің (ИСНА СТК) жаңа Салық төлеуші кабинетінде келесі салық есептілігінің жаңартылған нысандары қолжетімді екенін хабарлайды:
-
200.00 СЕН — Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларация;
-
400.00 СЕН — Акциз бойынша декларация;
-
710.00 СЕН — Ойын бизнесіне салынатын салық бойынша декларация.
Жаңартылған нысандармен жұмыс істеу үшін ИСНА жүйесіндегі жаңа Салық төлеуші кабинетіне сілтеме арқылы кіру қажет.
Сұрақтар туындаған жағдайда техникалық қолдау қызметіне knpsd@ecc.kz электрондық поштасы арқылы хабарласуға болады.
Салық есептілігінің нысандары және оларды толтыру тәртібі Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 12 қарашадағы № 695 бұйрығымен бекітілген.
⚠️ Назар аударыңыз: ескі Салық төлеуші кабинетінде және СОНО АЖ-да 2026 жылға арналған жаңа нұсқалар қолжетімсіз.
Қосымша хабарлаймыз: егер салық төлеушінің дербес салық төлеуші болып табылмайтын құрылымдық бөлімшелері болса, 200.03 нысанын жеке тапсыру талап етілмейді. Есептелген сомалар 200.00 нысанымен бірге ұсынылған 200.03 қосымшасы негізінде бөлімшелердің дербес шоттарында көрсетіледі.
+7 (707) 350 02 20