Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі 2025 жылғы 31 қазандағы № 654 бұйрығына өзгерістер енгізді. Аталған бұйрық салық төлеушілердің (салық агенттерінің) тарату, қайта ұйымдастыру және қызметін тоқтату кезінде салық міндеттемелерін орындау тәртібін реттейді.
Өзгерістер кәсіпкерлік қызметті тоқтату рәсімдерін жеңілдетуге және әкімшілік жүктемені азайтуға, ең алдымен микро және шағын бизнес субъектілеріне қолдау көрсетуге бағытталған.
Негізгі өзгерістер:
-
Салық төлеушілердің жекелеген санаттары үшін қызметті тоқтатудың жеңілдетілген тәртібі енгізілді.
-
Камералдық бақылау талаптарына сәйкес келетін микро және шағын бизнес субъектілері қызметін камералдық бақылаусыз аяқтай алады.
-
Қызметті тоқтату туралы өтініш берілген жағдайда, 2025 жылғы 17 желтоқсанға дейін ұсынылған және 2026 жылғы 1 қаңтарға дейінгі салық кезеңдеріне қатысты салық есептілігі бойынша камералдық бақылау жүргізілмейді.
Сондай-ақ тарату кезіндегі салық берешегін өтеу тәртібі нақтыланды. Егер мүлік жеткіліксіз болса, қалған берешек Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда құрылтайшылар (қатысушылар) тарапынан өтеледі.
+7 (707) 350 02 20