logo

Ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу өнімдері бойынша ҚҚС түзетуі қолданылмайды

04 наурыз, 2026

Жаңа Салық кодексін енгізу мәселелері жөніндегі Жобалық кеңсе отырысында ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу нәтижесінде алынған өнімге қатысты есепке жатқызылатын ҚҚС-тың 80% түзетуін қолдану мәселесі қаралды (Салық кодексінің 484-бабы 2-тармағының 7) тармақшасы және 5-тармағы).

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі 2005 жылғы 8 шілдедегі № 66-III «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының нормаларын ескере отырып, мұндай өнім экспортталған жағдайда аталған түзету қолданылмайтынын хабарлады.

Бұл дегеніміз, қайта өңдеу өнімі экспортталған кезде ҚҚС қайтару салық заңнамасының талаптары сақталған жағдайда жалпы белгіленген тәртіппен және толық көлемде жүзеге асырылады.

Мысалы: ұн экспортталған кезде ҚҚС толық көлемде қайтарылады, себебі ұн қайта өңдеу өнімі болып табылады.