ССОЖ-дегі ЖК бизнес жүргізудің оңай жолдарының бірі болып табылады. Осы мақалада 2024 жылы салық салудың оңайтылған жүйесінде ЖК жүргізу кезінде қандай салық төлеу керек екендігін қарастырамыз.
Оңайлатылған декларация ЖК үшін төменде көрсетілген жағдайларда әрекет етеді:
- Жұмыскерлердің саны. Жұмыскерлердің жалпы саны кәсіпкердің өзін қосқанда 30 адамнан аспауы керек.1
- Оңайлатылған салық салу жүйесі шеңберінде қызметін жүзеге асыратын жеке кәсіпкердің бизнес айналымының нақты мөлшері кәсіпкердің үш компонентті интеграцияланған жүйені (ҮИЖ) қолдануымен анықталады. Ол POS-терминалмен және онлайн-кассамен, сондай-ақ тауарлардың есебін жүргізуге мүмкіндік беретін ERP жүйесімен жұмыс істеуді көздейді. 2
- ҮИЖ қолданбағанда 2024 жылы оңайлатылған ЖК үшін жарты жылдық айналымының мөлшері 88 748 296 теңгеден аспауы тиіс (24 038 айлық есептік көрсеткіш (АЕК), 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап бұл жердегі 1 АЕК = 3 692 теңге).3
ҮИЖ қолдану кезінде жарты жылдық айналым 347 365 512 теңгеден аз болмауы тиіс (94 086 АЕК, бұл 24 038 АЕК + 70 048 қосымша АЕК-тен тұрады).
Оңайлатылған ЖК қандай салықтар төлейді?
2024 жылы Қазақстан Республикасында оңайлатылған режим бойынша жеке кәсіпкердің қандай салықтар төлейтінін түсіну үшін оның жалдамалы жұмыскерлері бар-жоғын білу керек. Бизнесмен жалғыз жұмыс істейтін немесе қызметкерлерді жалдайтын екі жағдайды да егжей-тегжейлі қарастырайық.
2024 жылы жалдамалы жұмыскерлерді тартпай-ақ жұмыс істейтін ЖК үшін оңайтылған режим бойынша салынатын салықтар: қосымша мамандар жалдамайтын кәсіпкер салық төлемдерін және өзі үшін міндетті жарналарды жүзеге асырады. Бюджетке төленетін төлемдерге жеке табыс салығы (ЖТС) және әлеуметтік салық жатады. Әр салыққа пайданың 1,5%-ы тиесілі. Жиыны – кірістің 3%. Бюджетке төлем жылына екі рет, яғни жарты жылда бір рет: ағымдағы жылдың 25 тамызына дейін және келесі жылдың 25 ақпанына дейін орындалады.
Сонымен қатар, кәсіпкер төменде көрсетілгендерді өз бетінше төлейді:
Міндетті зейнетақы жарнасы (МЗЖ) – ай сайынғы табыстың - 10%-ы. Әлеуметтік жарналар – табыстың - 3,5%-ы. Медициналық сақтандыру жарналары (МӘМС) ең төменгі табыстың - 1,4 ЕТЖ-ның 5%-ы (2024 жылы бұл 5 950 теңгені құрайды). Оңайлатылған режим бойынша жалақы мөлшерін кәсіпкер өзі белгілей алатынын ескеріңіз, міндетті зейнетақы жарналарын енгізген кезде, бұл айына 1-ден 50 ЕТЖ-ға дейін ал әлеуметтік аударымдар кезінде – айына 1-ден 7 ЕТЖ-ға жетеді. Бұл төлемдер ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 25-іне дейін жүргізіледі.
Бұдан басқа бірнеше ерекшеліктерді есте сақтау маңызды:
Егер кәсіпкер бала күтіміне байланыста демалыста болса, бірақ ресми түрде табыс тауып тұрса, ол МЗЖ және әлеуметтік жарналарды төлеп тұруы қажет (ЕТЖ-дан басқа). Егер кәспкер қызметін тоқтатпай, бірақ пайда таппаса ол бәрібір есеп беруі тиіс. Тіпті қызметін тоқтатып, салық есептілігін ұсынбаса да ай сайын МӘМС төлеу қажет болады (1,4 ЕТЖ-ның 5% -ы).
Оңайтылған режим бойынша жалдамалы қызметкерлермен жұмыс істейтін ЖК үшін салықтар:
- ЖТС: Салық агенті ретінде әрекет ететін ЖК, стандартты және басқа да ұстап қалулардан басқа ЖТС ретінде жұмыскердің жалақысынан 10% ұстап қалуы керек.
- МЗЖ: Жұмыскер табысының 10%ын ұстайды, жарналар сомасы 1 ЕТЖ (ең төменгі жалақы) аз болмауы және 50 ЕТЖ-дан аспауы қажет.
- МӘМСЖ: ЖК жұмыскер табысының 2%-ын ұстайды, сонымен қатар ол 10 ЕТЖ-дан аспауы тиіс.
ЖК ұсталған салықтар мен жарналардан басқа өз қаражаты есебінен:
- КО: жұмыскер табысының 3,5% мөлшерінде ЕТЖ-ның 1 мөлшерінен кем емес және 7 ЕТЖ-дан аспайтын мөлшерде.
- МӘМСЖ: Қызметкер табысының 3% мөлшерінде, бұл ретте кіріс 10 ЕТЖ-дан аспауы керек.
- ЖМЗЖ: 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап ЖК жұмыскер табысының 1,5% ЖМЗЖ ретінде төлеуі керек, жарналардың мөлшері ЕТЖ 1 мөлшерінде болуы және 50 ЕТЖ-дан аспауы керек.