Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексінде артық немесе қате төленген салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есепке алу және қайтару тәртібі 120–123-баптармен реттеледі.
Есепке алу немесе қайтару мемлекеттік кірістер органдарымен салық төлеушінің өтініші негізінде жүргізіледі. Артық төленген сома деп төленген және есептелген сома арасындағы оң айырма танылады.
Қайтару немесе есепке алу үшін белгіленген нысан бойынша салықтық өтініш беру қажет (2025 жылғы 28 қазандағы №637 бұйрыққа 2-қосымша).
Өтінішті келесі тәсілдермен беруге болады:
- «Салық төлеушінің кабинеті ИСНА» арқылы
- eGov.kz порталы арқылы
- e-Salyq Azamat мобильді қосымшасы арқылы (жеке тұлғалар үшін)
- «Азаматтарға арналған үкімет» арқылы қағаз түрінде
Қаражат салық берешегі болмаған жағдайда, өтініш тіркелген күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде салық төлеушінің банк шотына қайтарылады.
+7 (707) 350 02 20