logo

Салықтар бойынша төлемді кейінге қалдыру және бөліп төлеу: алу шарттары мен тәртібі

21 сәуір, 2026

Қазақстан Республикасында салық төлеушілер белгілі бір талаптар орындалған жағдайда салықтар, төлемдер және өсімпұлдар бойынша кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу мүмкіндігін ала алады.

Кейінге қалдыру — барлық берешекті толық көлемде төлеу мерзімін кейінге ауыстыру (6 айға дейін).
Бөліп төлеу — берешекті тең үлестермен кезең-кезеңімен төлеу (ай сайын немесе тоқсан сайын) 36 айға дейін.

Кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу келесі негіздердің бірі болған жағдайда беріледі:

  • төтенше жағдайлар немесе еңсерілмейтін күш салдарынан залал келуі
  • қызметтің маусымдық сипаты
  • жеке тұлғаның мүліктік жағдайының қиындығы
  • соттың қарызды қайта құрылымдау туралы шешімі
  • экономиканың стратегиялық саласына жатуы
  • қосымша салық есептілігін тапсыру
  • тексеру нәтижелерімен келісу

Алу үшін қажет құжаттар:

  • салықтық өтініш
  • дебиторлар тізімі
  • негіздерді растайтын құжаттар
  • кепіл мүлкі туралы құжаттар және бағалау есебі
  • банктік кепілдік шарты
  • төлем кестесі

Кепілсіз және банктік кепілдіксіз алу шарттары:

  • берешек сомасы 1 500 АЕК-тен аспайды
  • қолданыстағы кейінге қалдыру/бөліп төлеу жоқ
  • орындалмаған міндетті хабарламалар жоқ
  • тіркелу мерзімі кемінде 2 жыл
  • қызметі тоқтатылған мәртебесі жоқ