Қазақстан Республикасы Ұлттық статистика бюросы «Респондент кабинетінде» заңды тұлғалар үшін есептерге қол қою тәртібінің өзгергенін хабарлады.
2026 жылғы 24 сәуірге дейін есептерді заңды тұлғаның ЭЦҚ арқылы қол қоюға мүмкіндік болған. Енді есепке қол қою кезінде қол қою құқығының бар-жоғына қосымша тексеру жүргізіледі.
Бұл өзгерістер электрондық цифрлық қолтаңбаның түпнұсқалығын тексеру қағидаларына сәйкес енгізілді.
Осыған байланысты заңды тұлғалар қолданылатын ЭЦҚ-да қол қою құқығы бар екеніне алдын ала көз жеткізуі қажет. Құқық болмаған жағдайда есептерді қол қою мүмкін болмайды.
Кілт мәртебесін pki.gov.kz сайтында тексеруге болады: «Сервистер» → «Кілтті тексеру» → «Кілтті кеңейтілген пайдалану»:
— «Ұйым қызметкері» — қол қою құқығы жоқ
— «Бірінші басшы» немесе «Қол қою құқығы бар қызметкер» — қол қою құқығы бар
Қол қою құқығы бар ЭЦҚ алу үшін ҚР Ұлттық куәландырушы орталығына жүгіну қажет.
Жеке кәсіпкерлер (ЖК) үшін есептерге қол қою тәртібі өзгеріссіз қалады.
+7 (707) 350 02 20