2026 жылдан бастап Қазақстанда мүлік салығы бойынша жаңа ережелер енгізіледі:
1. ФНО 701.01 жойылуы (ішінара)
- Егер мүлік салығы 300 АЕК-тен (1 297 500 тг) аспаса, онда ФНО 701.01 тапсырылмайды.
- Тек ФНО 700.00 декларациясы келесі жылдың 31 наурызына дейін тапсырылады.
2. ФНО 701.01 қашан сақталады
- Егер салық 300 АЕК-тен асса, есепті тапсыру міндеті қалады.
3. Жеңілдетілген режимдегі ЖК
- Мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдерді төлемейді.
- ФНО 701.01 тапсырмайды.
- Тек жылдық ФНО 700.00 тапсырады.
4. Жыл ішіндегі өзгерістер
- Мүлік сатып алу/сату кезінде қосымша есеп келесі төлем мерзіміне 10 күн қалғанда беріледі.
5. Міндетті қайта бағалау
- Жылжымайтын мүлік әр 3 жыл сайын қайта бағалануы тиіс.
6. Салық базасы
- Бухесеп жүргізетіндер үшін — орташа баланстық құн.
-
Бухесеп жүргізбейтін ЖК:
- алғашқы 3 жыл — сатып алу/құрылыс құны;
- кейін — нарықтық құн, 3 жыл сайын қайта бағалау.
+7 (707) 350 02 20