Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті салықтық тәуекелдерді азайтуға бағытталған алдын алу шаралары аясында ескі Салық төлеуші кабинетіне push-хабарламалар жіберілгенін хабарлады.
Хабарламалар келесі салық төлеушілерге жолданды:
- жалпыға бірдей белгіленген салық салу режимін қолданатын салық төлеушілерге — 2025 жылға арналған КТС декларациясы (100.00-нысан) бойынша табысты төмендетіп көрсету фактілері бойынша;
- ҚҚС бойынша тіркеуде тұрған тұлғаларға — 2026 жылдың I тоқсаны үшін 300.00-нысанда өткізу бойынша ҚҚС сомасын төмендетіп көрсету фактілері бойынша;
- ҚҚС бойынша тіркеуде тұрған тұлғаларға — 2026 жылдың I тоқсаны үшін есепке жатқызылған ҚҚС сомасын артық көрсету фактілері бойынша.
Push-хабарламаларда айырмашылықтарды анықтау алгоритмінің сипаттамасы және деректерді өз бетінше тексеру бойынша ұсынымдар қамтылған.
МКК салық төлеушілерге мәліметтерді салыстырып тексеріп, анықталған айырмашылықтарды жоюды ұсынады. Кейін автоматтандырылған режимде камералдық бақылау хабарламалары қалыптастырылуы мүмкін.
+7 (707) 350 02 20