Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлғаларға арналған арнаулы салық режимінде (АСР) табыс алынған күнді анықтау тәртібін түсіндірді.
Салық заңнамасына сәйкес, осы режимді қолдануға рұқсат етілген қызмет түрлерінен алынған табыс салық салу объектісі болып табылады.
Табысты тану күні ретінде тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау немесе қызметтерді көрсету үшін есеп айырысу жүргізілген күн есептеледі. Бұған ақша қаражатын немесе олардың баламасын алу, сондай-ақ төлемдерді жүзеге асыру жатады.
Өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың көпшілігі үшін табыстарды есепке алу арнайы мобильді қосымшада берілген чектер мен басқа көздерден алынған мәліметтер негізінде автоматты түрде жүргізіледі.
Ал телекоммуникация желілері жоқ жерлерде қызметін жүзеге асыратын азаматтар табыстар есебін өз бетінше қарапайым нысанда жүргізе алады. Мұндай есепте операцияның күні, атауы, әр операция бойынша алынған сома, сондай-ақ күндік және айлық қорытындылар көрсетілуі тиіс.
+7 (707) 350 02 20