Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Алматы қалалық филиалы валюталық операцияларды жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғаларға 2026 жылдың II тоқсаны бойынша есептілікті тапсыру мерзімдерін еске салды.
Есептік нөмір берілген валюталық шарттар бойынша есептерді, оның ішінде қаржылық қарыздарды игеру және қызмет көрсету, инвестициялық объект капиталына қатысу, міндеттемелерді орындау және шетелдік банктердегі шоттардағы қаражат қозғалысы туралы есептерді 2026 жылғы 10 шілдеге дейін тапсыру қажет.
Шетелдік қаржылық емес ұйымдардың филиалдары мен өкілдіктері үшін есептілік тапсырудың соңғы мерзімі – 2026 жылғы 20 шілде.
Сонымен қатар Ұлттық Банк төлем балансы бойынша статистикалық есептілік нысандарын тапсыру мерзімдерін еске салды. Есеп түріне байланысты соңғы мерзімдер 2026 жылғы 30 шілде мен 30 тамыз аралығына белгіленген.
Есептілікті қағаз түрінде де, Ұлттық Банктің Порталы арқылы электрондық форматта да тапсыруға болады. Онлайн тапсыру үшін электрондық цифрлық қолтаңба қажет.
Ұлттық Банк есептілікті ұсынбағаны, кешіктіріп тапсырғаны немесе дұрыс емес мәліметтер бергені үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.
Есептілік нысандары, оларды толтыру тәртібі және тапсыру мерзімдері туралы толық ақпарат Ұлттық Банктің ресми интернет-ресурсында жарияланған.
+7 (707) 350 02 20