«Keden» ақпараттық жүйесінде көлік құралына арналған кедендік декларацияны іске қосу.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті «Keden» жаңа кедендік ақпараттық жүйесін кезең-кезеңмен енгізу жұмыстары аясында халықаралық тасымалға арналған көлік құралдарын кедендік декларациялау процесін көлік құралына арналған декларация арқылы енгізуді жүзеге асырады.