Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қаржы министрінің 2020 жылғы 20 қаңтардағы № 39 бұйрығына салық есептілігі нысандары мен оларды толтыру қағидаларына өзгерістер енгізілді.
Тиісті түзетулер ҚҚС бойынша декларацияның жаңа 300.00 нысанын және оны толтырудың жаңартылған қағидаларын (126-1 және 126-2 қосымшалар) бекітуді көздейді.
Бұрын қолданылған 300.00 нысаны мен оны толтыру қағидалары (125 және 126 қосымшалар) 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 2025 жылғы 1 қазанға дейінгі кезеңге қатысты қолданылады.
Ал жаңа 300.00 нысаны 2025 жылғы 1 қазан мен 31 желтоқсан аралығындағы есептілік кезеңіне қолданылады.
Негізгі өзгерістер «ҚҚС артық сомасын қайтару туралы талап» бөлімін толтыруға қатысты.
Атап айтқанда, 300.00.032 жолын толтыру тәртібі өзгертілді: есептеу 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енген жаңа Салық кодексінің нормаларын (125–129 және 510-баптар) ескере отырып жүргізіледі.
Жол мәні 300.09.001 жолының және оның ішкі жолдарының деректері негізінде қалыптастырылады.
Толтыру нұсқалары қысқартылды: бұрынғы бес ұяшықтың (I–V) орнына үш ұяшық (I–III) қарастырылған:
- жеңілдетілген қайтару тәртібі;
- пилоттық жобалар шеңберіндегі қайтару;
- салық кезеңін көрсету.
Сонымен қатар:
- ҚҚС қайтару логикасы жеңілдетілді: салық төлеушілер санаттары бойынша бөлу алынып тасталды;
- қайтару тетігіне байланысты бірыңғай тәсіл енгізілді;
- жолды толтыру талап етілмейтін жағдайлар кеңейтілді;
- «бастапқы» және «тарату» декларация түрлері қосылды.
Бұл өзгерістер ҚҚС артық сомасын қайтару тәртібін жеңілдетуге, тәсілдерді біріздендіруге және салық есептілігі нысандарын жаңа Салық кодексінің талаптарына сәйкестендіруге бағытталған.
Өзгерістер ҚР Қаржы министрінің 2026 жылғы 26 наурыздағы № 203 бұйрығымен енгізілді және 2025 жылғы 1 қазаннан 31 желтоқсанға дейінгі кезең бойынша есептілікті ұсынуға байланысты, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
+7 (707) 350 02 20